29 шілде 2022 | 15:27

"Мессенджерлерді бұғаттай алады": министрлік үкімет қаулысын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Бірқатар қазақстандық БАҚ-та Үкімет қабылдаған 22 шілдедегі түзетулер талқыланды. Онда Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде "әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттауға ашық қолжетімділік" болады деген ақпараттар айтылды. Алайда АӘДМ мұндай тұжырымдармен келіспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бірқатар қазақстандық БАҚ-та Үкімет қабылдаған 22 шілдедегі түзетулер талқыланды. Онда Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде "әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттауға ашық қолжетімділік" болады деген ақпараттар айтылды. Алайда АӘДМ мұндай тұжырымдармен келіспейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 шілдеде премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Үкімет қаулысына қол қойды.

Қаулы

Құжатта енді АӘДМ мынадай өкілеттерге ие екені көрсетілген:

  • онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайнплатформадан немесе лездік хабар алмасу сервисінен бір тәуліктегі пайдаланушылардың саны туралы ақпаратты сұрату;
  • онлайн-платформа немесе лездік хабар алмасу сервисі интернетте ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындауға арналған бағдарламаны орнатпаған жағдайда оларды пайдаланушылардың санын өз ресурстарымен айқындау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабар алмасу сервисінің
    қызметін шектеу.
  • терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу және осындай ақпаратты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы
    уәкілетті органға беру;
  • сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • интернет-ресурсқа қолжеткізуді қайта бастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу;
  • шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жауабы

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 3 мамырда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Ол бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қарастырады:

  • бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілдерінің реестрін жүргізу тәртібі;
  • сараптама тобын құру, сондай-ақ, балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібі;
  • телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары;
  • интернет-ресурсқа қолжетімділікті қалпына келтіру тәртібін әзірлеуді көздейді.

"Үкімет қабылдаған қаулыда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңынан туындамайтын жаңа құзыреттер немесе нормалар жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети