Метапневмовирус - Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Метапневмовирус - Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға жүгінді Фото:depositphotos.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әлемде метапневмовирустың (HMPV) таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) жүгінді. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әлемде метапневмовирустың (HMPV) таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) жүгінді. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта алдын алу шараларын жүргізу маңызды.

"Күні кеше ДСМ бұл мәселе бойынша өз пікірін білдірді. Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға ресми сұрау жолдады. Жауап келді – тек бізге ғана емес, басқа елдерге де. ДДСҰ бұл вирус елдерде жылдар бойы айналымда екенін айтып, алаңдауға негіз жоқ екенін хабарлады. Біз осыдан шығатын қорытындыны ұстанамыз. Жалпы, бұл қалыпты құбылыс. Тағы да ДДСҰ-ға сілтеме жасай отырып, айтамын, бұл біз бірге еңсеруіміз керек қалыпты кезең", – деді Дүйсенова.

Адам метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарын зақымдап, өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қабыну тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландта анықталған, бірақ кейбір деректер бойынша ол 1950-жылдардан бері адамдар арасында айналымда болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети