"Метро салу кезінде 5 миллиард теңге жымқырған": Алматыда тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Метро салу кезінде 5 миллиард теңге жымқырған": Алматыда тергеу аяқталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокуратура былтыр "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура былтыр "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында 2023 жылдың жұмысы қорытындыланды. Жұмыстар нәтижесінде мемлекетке 53 миллиард теңгеден аса сомаға активтер қайтарылған.

"Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Прокуратураның үйлестіру шаралары бойынша, кедендік бекеттерде ("Нұр-Жолы" бекеті, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы) жүктердің өткізу қабілеті 4 есеге артып, тауарларды жеткізу мерзімін 2 айдан 10 күнге дейін қысқарған.

Сондай-ақ, прокуратураның талабы бойынша жергілікті атқарушы органдар Алматы, Шымкент, Астана және Түркістанның әуеаймақ маңындағы кездейсоқ қоқыстарды жойған.

Қадағалаушы органның үйлестіруі нәтижесінде, ұшақтардың құстармен соқтығысу жағдайы әуежайларға жақын маңдарда айтарлықтай жақсарды. Мұндай жағдайлардың 60 пайызға төмендеуі тіркелгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети