25 ақпан 2021 | 13:49

Мейрамханада жүрген судьяның видеосы: прокуратура айыптауға жауап берді

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының прокуратурасы мейрамханада жүрген судья Естай Исабековтың айыптауына жауап берді. Айта кетейік, ол мейрамханаға келген мобильді топ қызметкерлеріне көрші залда прокурорлар да отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының прокуратурасы мейрамханада жүрген судья Естай Исабековтың айыптауына жауап берді. Айта кетейік, ол мейрамханаға келген мобильді топ қызметкерлеріне көрші залда прокурорлар да отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура Қарағанды мейрамханасында жүрген судья мәлімдемесін тексерген.

"Мейрамхана қызметкерлері мен мониторингтік топқа жүргізген сауалнама, сондай-ақ полиция қызметкерлері видеожетонын және ғимараттағы бақылау камераларындағы материалдарды зерттеу нәтижелері бойынша прократура қызметкерлерінің мейрамханада болу дерегі расталмағанын хабарлаймыз.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы уәкілетті лауазымды тұлғалар растаған ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұрады", - деп жауап берді прокурорлар.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірілген видео тараған еді. Видео кадрларынан мейрамханаға мобильді топ келіп, судьяны ұстағанын көруге болады. Видеода ол жағдайды тыныштандырып, тексерушілерден шу шығармауды сұрайды. Сондай-ақ, ол ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратурлар да отырғанын айтады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қарағандылық судьямен болған оқиғаға қатысты пікір білдірген еді. Мемлекеттің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин кезінде мейрамханада жүрген судьяның жазаланатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная