24 ақпан 2021 18:09

Карантин кезінде тойда жүрген қарағандылық судья жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыдағы мейрамханада тойда жүрген судьяның видеосы туралы пікір білдірді. Судья карантин шарасын бұзған қонақтармен бірдей жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыдағы мейрамханада тойда жүрген судьяның видеосы туралы пікір білдірді. Судья карантин шарасын бұзған қонақтармен бірдей жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі "бұл жағдайды", яғни мейрамханада халықты жинап той өткізген судьяның әрекетін құптамайтынын айтты.

"Бұл жағдай бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Судья Қазақстан азаматына қарастырылған жауапкершілікке тартылады.

Бұл жалпы халықтың денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Қажетті шаралар қабылдаймыз. Мен заңбұзушыларды лауазымына қарай бөлмеймін. Ондай адамдар керісінше үлгі көрсетуі қажет", - деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түсірілген видео тараған еді. Видео кадрларынан мейрамханаға мобильді топ келіп, судьяны ұстағанын көруге болады. Видеода ол жағдайды тыныштандырып, тексерушілерден шу шығармауды сұрайды. Сондай-ақ, ол ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратурлар да отырғанын айтады.

Ресми деректерге сүйенсек, судья Естай Исабеков 1978 жылы туған. Бұрын ол прокуратурада жұмыс істеген. Сот жүйесіндегі еңбек жолын 2009 жылы Теміртау қалалық сотынан бастаған. Қазіргі уақытта ол Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Қарағанды мейрамханасында болған той видеосынан кейін судьяның бауыры жазаланды. Ол ұйымдастырушы болған. Той "Рубин" мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети