04 мамыр 2014 11:41

Мейрамханаларды жұлдызшамен бағалау ұсынылып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Мейрамханалар мен дәмханалардағы тағамның сапасы арнайы жүйе бойынша бағаланатын болады. Соған қарап, қазақстандықтар асты даярлау деңгейін біле алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовқа сілтеме жасап.


Мейрамханалар мен дәмханалардағы тағамның сапасы арнайы жүйе бойынша бағаланатын болады. Соған қарап, қазақстандықтар асты даярлау деңгейін біле алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовқа сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде кәсіпкерлік ортаны қызмет сапасын жақсартуға итермелейтін бірқатар талаптарды енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, қонақүйлер мен отельдерге бір, екі немесе үш жұлдызша беріп, оның сапа деңгейіне баға береміз ғой. Сол сияқты алдағы уақытта мейрамхана мен дәмханалардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына да баға беруге болады. Біз мейрамхананы таңдаған кезде, алдымен "Оның тамақ сапасы қалай екен?" деп сұрап жатамыз. Алайда ішіне кіріп, көруге мүмкіндік жоқ. Ендеше, оны заңды түрде енгізейік. Мейрамханаға бес жұлдызша берілсе, оның санитарлық жағдайы жақсы деген сөз. Ол жерде бәрі таза, ешқандай тәртіпбұзушылық жоқ деп білеміз. Бүгінде бұл ұсынысты құзіретті мемлекеттік органдар талқылап жатыр", - деді Қуандықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, халықтың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігі саласында ешқандай "жеңілдікке" жол берілмейді. "Әрине, кейбір жауапсыз кәсіпкерлер аз ақша салып, көп пайда көргісі келеді. Соның салдарынан санитарлық-эпидемиологиялық ережелер бұзылып, тұтынушылар денсаулығына қауіп төніп тұрады. Оған қоса, қазір рұқсат беру мен тексеру шаралары азайып келеді. Алайда осы салада тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілік күшейе түседі", - дейді Б.Қуандықов.   

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети