Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" басшысы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" басшысы болып тағайындалды

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мейірхат Қасымбаев 1980 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол - экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржы қызметкері мамандығын алған. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде мемлекеттік басқару, сондай-ақ, Сингапурда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

ИДМ мәліметінше, Қасымбаев құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет құрылымдарында 11 жыл, жол және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында 10 жылдан аса жұмыс істеді.

Ол - IQanat білім беру қорының қамқоршысы. Қор ауылдық жерлердегі оқушыларды қолдаумен айналысады.

Бұған дейін Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" басшысы қызметінен кеткені туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети