25 ақпан 2021 10:16

Мейіржан Юсупов вице-министр қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейіржан Юсупов. Фото: primeminister.kz Мейіржан Юсупов. Фото: primeminister.kz

Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Мейіржан Юсупов 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2001 жылы Таяу Шығыс техникалық университетін "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы коммерциялық құрылымдарда бастаған.

Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-да жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап 2020 жылғы қараша аралығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық бастығы, директоры, экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети