30 мамыр 2021 | 19:00

Мейірімдірек болу керек - ER-BATYR жобасында Нұрлан Абдуллин

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында танымал әртіс, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен не екені, ата-анасына ешқашан "жоқ" деп айтпағаны туралы, мейірімді болудың және адамның өзіне мән берудің маңызы, сондай-ақ соңғы альбомы туралы әңгімеледі. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.


Иконка комментария блок соц сети

ER-BATYR жобасында танымал әртіс, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында оның тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен не екені, ата-анасына ешқашан "жоқ" деп айтпағаны туралы, мейірімді болудың және адамның өзіне мән берудің маңызы, сондай-ақ соңғы альбомы туралы әңгімеледі. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Жоба қонағы бүгінде ол үшін музыкамен айналысу қаншалықты қызық екенін айтты. 

"Менен: "Қазір қайда жүрсіз? Неліктен көрінбей кеттіңіз? Біз сізді сағынып қалдық" деген кезде мен әзілдеп: "Үлкендерге құрмет көрсетіледі, бірақ жастарға да орын беру керек қой" деймін. "Семь нот моей жизни" атты соңғы альбомымда "Шығарып саламын" деген ән бар, ол жерде: "Жарты ғасырды абыроймен өзткізу" деген жолдар бар. Мен сол альбомды жазып, Алматы мен Астанада жақсы концерттер бердім. Әрине, ол қоштасу болған жоқ, тек іштей бәрі энергетикалық түйін болып босатылды, енді мен қайтадан бәрін өзіме сіңіріп жатқандаймын", - дейді әнші.

Сонымен қатар, Нұрлан Елбасы тарапынан жасалған депутат болу туралы ұсынысына ол халық арасында жүріп билік адамы болатынын айтқан. Ал Николай Басковпен әңгімелескенінде Мәскеуге көшу туралы ұсыныс түскенде ол "өз елінің өнімі екенін" және соны мақтан тұтатынын айтқан.  

Нұрлан Абдуллин оның тұлға ретінде қалыптасуына ата-анасының разылығы әсер еткенін айтады. 

"Мен ешқашан ата-анамның көңіліне кірбің түсірген емеспін. Мен ешқашан оларға "жоқ" деген емеспін. Тіпті қандай да бір жағдайда дұрыс айтпай жатса оларға: "Окей, жақсы, бұл мәселені ертең талқылайық" деп айтамын. Егер: "Жоқ, ертең талқыламаймыз" десе, мен: "Жақсы, онда ертең айтқандарыңызды істеймін" деймін. Ал келесі күні олар хабарласып: "Балам, сен біз жаққа келе аласың ба? Кеше артық кеткен сияқтымыз" дейді. Мен ата-анамның разылығын алғандықтан қалыптастым. Бұл өте маңызды, себебі сол кезде сенің жолың ашылады. Сондықтан бәріне айтарым: ешқашан ата-аналарыңызды ренжітпеңіздер, себебі көктегі канцелярия бәрін көріп, жазып отыр", - дейді Нұрлан Абдуллин.  

Сонымен қатар, әртіс баршаны мейірімдірек болуға шақырды. 

"Бәрін өзіне мән беруге шақырамын. Адам өзінде, жан дүниесінде, өмірінде "тазалық" жүргізуі керек. Мейірімді болу керек, бәрінің қайтымы бар. Мен адамдармен әңгімелескенде өте жақсы сәттердің куәсі болып жүрмін, олар басқаша сөйлесе бастағанын, "ояна" бастағанын түсінесің. Әкем: "Егер адам көзіне жас алса, демек оның жаны бар" деуші еді", - дейді ол.  

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети