"Алматы су" кәсіпорны су ақысын төлемеген ірі борышкерлер тізімін ұсынды. Коммуналдық қызметтерге төлем жасамағандар қатарында ҰҚК Шекара қызметі мен полицияның өңірлік департаменттері, Nur Otan партиясының бөлімшесі мен хайуанаттар бағы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Борышкерлер тізімінде барлығы 205 ұйым бар, олардың әрқайсы "Алматы суға" кем дегенде 100 мың теңге қарыз. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, жеті кәсіпорын су үшін 10-нан 34 миллион теңгеге дейін қарыз. Ал 31 ұйым былтыр бірден тоғыз миллион теңгеге дейін төлемеген.
Басқа кәсіпорындардың арасында су қарызы мынадай:
- Алматы хайуанаттар бағы - 4,7 миллион теңге;
- ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті - 3,6 миллион теңге;
- Психикалық денсаулық орталығы - 1,7 миллион теңге;
- Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы - 1,6 миллион теңге;
- Алматы полиция департаменті - 692 мың теңге;
- Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті - 295 мың теңге;
- Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы - 211 мың теңге;
- Алматы облысының полиция департаменті - 143 мың теңге;
- Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы - 121 мың теңге.
Борышкерлер тізілімінде №4 автобус паркі, "Сайран" автовокзалы, Алматы темір жол ауруханасы және геофизикалық зерттеулер институты да бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!