17 қыркүйек 2015 14:18

Миллионер ақсақал Қытайдан Қазақстанға жаяу өтіп кетпек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© victoria78.35photo.ru © victoria78.35photo.ru

"Қорғас" шекара бақылау бекетінің шекарашылары жаяу жүрген 69 жастағы миллионерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.


"Қорғас" шекара бақылау бекетінің шекарашылары жаяу жүрген 69 жастағы миллионерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қорғас" шекаралық бақылау отрядының шекара наряды тексеріп-өткізу бекетінде (қазақ-қытай шекарасы), үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегі күні, түс ауа көршілес елден біздің елге қарай жаяу өтіп келе жатқан жасы жетпіске жетеқабыл (1946 жылы туған) ҚХР азаматын тексеру барысында, ақсақалдың қол жүгінің арасына жасырылған, әрі жарияланбаған 4 200 000 теңге табылды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекарадан заңсыз жолмен қомақты қаржы алып өтпек болған миллионер қартпен ендігі жерде "Қорғас" кеден бекетінің мамандары жұмыс істейтін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети