ҚР білім және ғылым министрі 12 жылдық білім берудің мақсатын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында хабарлады.
ҚР білім және ғылым министрі 12 жылдық білім берудің мақсатын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында хабарлады.
Оның айтуынша, 12 жылдық білім беруге көшудің мақсаты оқушыларды тағы бір жыл ұстап отыру емес. "18-19 жыл бойы оқыту деген мақсатымыз жоқ. Негізгі міндет - бірінші сыныпты 6 жастан бастау. Қазіргі уақытта 6 жастағы балалардың жартысы мектепте оқиды, ал қалған жартысы оқымайды. Алты жас - баланың ең маңызды жасы. Мұны бұрынғы кеңес одағындағы мемлекеттер әлдеқашан түсініп қойған. Бұл мидың максималдық синопсисі. Алты жастан кейін ол қысқара бастайды. Бұл - ғылыми зерттеу және оны барлығы түсініп отыр. Егер осы жасты пайдаланбасақ, әрмен қарай тек қиындықтар болады. Дәл осы жас керек. Бұл жаста мектеп партасына отырғандар мен отырмағандардың арасында айырмашылық болады. Әсіресе ауыл мен қала балаларының айырмашылығы жер мен көктей болады. Сондықтан, бірінші мақсат - алты жастан бастап партаға отырғызу. Бұл мақсатта арнайы сыныптар дайындалған. Бұл бағдарламаны төрт жылдың ішінде енгізу басты мақсат. Қазір 150 мың бала оқиды, 180 мың бала оқымайды. Осы 6 жаста мектепке бармайтын 180 мың бала үшін осы бағдарламаны енгізіп жатырмыз", - деп түсіндірді еліміздің бас мұғалімі.
Сонымен қатар, министр осы ретте ЖОО-лардағы білім беру бағдарламасының өзгеріске түсетінін мәлімдеді., "Екіншіден, ЖОО ректорларымен әңгімелесіп көрсеңіз, барлығы бір мәселені айтады. Бірінші курс - мектептегі білімді қайталау, яғни бірінші курсқа түскен студенттер бір жылда босқа отырады. Өзім де екі университеттің президенті болғандықтан ЖОО-ны белгілі бір деңгейде 12-сыныпқа айналдырып жібергенімізді түсінемін", - деді ол.
Мұндай олқылықтың болмауы үшін ЖОО-лардың жарты білім беру бағдарламасы мектепке енгізіледі екен. Айтуынша, мектепте білім беру пәндері ЖОО-ларға академиялық бостандық беру тиіс. "Міне, осы екі негізгі себептен 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіліп жатыр. Сонда шығатыны, бала бұрынғыдай уақыт оқиды, бірақ ЖОО-дағы жалпы білім беру бағдарламасы қысқарады. Сәйкесінше, ЖОО білім беру бағдарламасы өзгереді. Кредиттерді Болон жүйесі бойынша беру ұсынылады. Осылайша, ЖОО бағдарламасын әлемдік стандартқа сәйкестендіреміз", - деді министр.
Еске салайық, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында қазақ тілін үйренуге арналған дұрыс әдістеменің жоқ екенін айтқан болатын.