Министр Абаев байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Абаев байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады Дәурен Абаев. © khabar.kz

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев байланыс және ақпарат қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қымбатты әріптестер, қадірлі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері! 

Министрліктің және өзімнің атымнан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер - республикалық басылымдар мен телеарналар қызметкерлерінен бастап, Қазақстанның әрбір елді мекеніндегі байланысшылар мен пошташылар ел игілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Дос-жараннан, туған-туыстан, ағайыннан жылдам хабар алғызып, алысты жақындатып отырған да - сіздер

Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңыз бен жақын-жуықтарыңызға жақсылық тілеймін!", - делінген құттықтауда. 

Бүгін, 28 маусымда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл мереке бастапқыда Журналистика күні деп аталып, Қазақстанда 10 мамырда атап өтілетін. Себебі қазақ тіліндегі тұңғыш "Түркістан уалаяты газеті" шыққан уақыт осы еді.

Алайда бұл мереке 28 маусымға ауыстырылды, себебі БАҚ туралы қазақстандық заң осы күні қабылданды. Мерекенің атауы Баспа, радио және телевизия деп аталып, 2012 жылға дейін дәстүрлі түрде маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Кейін Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 20 қазанындағы жарлығы бойынша оның мерзімі 28 маусым болып өзгеріп, мерекенің атауы - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети