Министр Алматы мен Теміртаудың экологиясын жақсартуға уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Алматы мен Теміртаудың экологиясын жақсартуға уәде берді Фото: Алихан Сариев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан, Алматы және Теміртау қалаларындағы экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Экологияны жақсарту жөніндегі ұлттық жоба "Жасыл Қазақстан" деп аталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан, Алматы және Теміртау қалаларындағы экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Экологияны жақсарту жөніндегі ұлттық жоба "Жасыл Қазақстан" деп аталады.

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы жеті негізгі бөлімнен тұрады: су нысандарын сауықтыру, ауаның ластану деңгейін төмендету, қалдықтарды басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, елді көгалдандыру, энергия тиімділігі, экоқұрылым және экологиялық мәдениетті арттыру. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Теміртау және басқа қалалардағы экологияны жақсартуға арналған.

"Бұл ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, олардың ішінде Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент бар.

Бұдан басқа, 2025 жылға қарай сарқынды суларды ағызу көлемін азайту, қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 18-ден 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ елдің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету жоспарланып отыр", - деді министр Үкімет отырысында.

Екі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту жұмыстары 2021 жылдың 1 шілдесіне қарай аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети