25 мамыр 2023 | 16:52

Министр Алматы облысында оқушы қызды зорламақ болды деген күдікке ілінген мұғалімге қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысында оқушы қызды зорламақ болған мұғалімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысында оқушы қызды зорламақ болған мұғалімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министрге "Алматы облысындағы мектепте мұғалімнің оқушыны зорламақ болған деректен хабары бар ма?" деген сұрақ қойылды.

"Біліп қана қоймаймын, бұл іс ерекше бақылауда, бірден министрлікпен реттелді, қазір осы мәселемен тікелей менің тапсырмаммен айналысқан комитет төрағасы қатысып отыр", - деп жауап берді министр.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мұғалімнің жұмыстан шеттетілгенін айтты.

"Бұл жағдай балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ерекше назарында және бақылауында. Бұл жағдай күн сайын бақыланады, дәл осы сәтте бұл дерек анықталғаннан кейін мұғалім жұмыстан шеттетілді, қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл іс ІІМ бақылауында. Ол тіркелген, бұл қылмыстық іс, сондықтан жұмыстан босату туралы мәселе сот шешімімен анықталады. Біз қазір құқық аясында жүріп жатырмыз, сондықтан біз сот шешімін күтеміз", - деді ол.

Журналистер түнгі сағат 20:30-дан түнгі 03:00-ге дейін 14 жастағы қызды неліктен жауап алғанын сұрады.

"Заңға сәйкес, бұл мәселені ІІМ-ге көбірек бағыттау қажет, сондықтан біз бұл мәселені ескеріп, тиіс мемлекеттік органдарға қоямыз. Балаға психологиялық көмек көрсетілгені өте маңызды, біз балаға және оның ата-анасына кеңес беріп жалғастырамыз. Бұл процесс бақылаусыз жүріп жатыр деп айта алмаймын", - деп жауап берді Оспанова.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 14 жастағы мектеп оқушысы 53 жастағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағымданғанын хабарлаған едік. Қыздың айтуынша, мұғалім қызды жұмыс кабинетіне кіргізіп тиіскен. Алайда полицияға берген арыздан кейін ер адам ұсталған жоқ, оның орнына тергеушілер қыздан түнгі үшке дейін жауап алған. Кейін бұл іске қатысты полиция пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети