Министр Астана-Алматы тасжолының сапасы үшін кешірім сұрады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Астана-Алматы тасжолының сапасы үшін кешірім сұрады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана-Алматы тасжолындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғаны үшін кешірім сұрап, кешігу себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көлік министрі Марат Қарабаев Астана-Алматы тасжолындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғаны үшін кешірім сұрап, кешігу себептерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер министрден Астана-Алматы тасжолындағы проблемалардың себебі неден туындағанын сұрады.

"Тағы да кешірім сұраймын, бұл шынымен де ұзаққа созылған құрылыс жобасы. Мәселе мердігерлік ұйымдарда жатыр. Біз халықаралық қаржы институттарының қаражатын пайдаландық. Бас мердігерлердің проблемалары болды. Бұл мәселелер реттелді", - деді Қарабаев.

Министрдің айтуынша, Қарағандыдан Алматыға дейінгі учаске бойынша жалпы жол жүру биыл, ал пайдалануға беру келесі жылы қамтамасыз етіледі.

"Биыл Қарағандыдан Алматыға дейінгі учаске бойынша біз қозғалысты қамтамасыз етеміз. Бірнеше учаскелерді қоспағанда, жалпы алғанда 946 шақырым, 795 шақырым жол бар, бірақ айналма жол қарастырылған белгілі бір учаскелерді қоспағанда. Келесі жылы пайдалануға беруді қамтамасыз етеміз", - деп сендірді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.48  course up  592.04  course up  6.56  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети