Министр ауруханаларда неліктен видео түсіруге тыйым салынғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр ауруханаларда неліктен видео түсіруге тыйым салынғанын түсіндірді Фото Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханаларда неліктен видеоға түсуріге болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханаларда неліктен видеоға түсуріге болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық стационарларға ұялы телефон кіргізуге болатынын түсіну керек. Ешқандай шектеу жоқ. Бір жағынан елдің бас санитар дәрігері видео түсіруге тыйым салған қаулысы бар. Бұл немен байланысты? Ең алдымен бұл науқастардың өзін қорғаумен байланысты", - деді министр. 

Цой кей науқас жағдайына байланысты видеоға түсіруге рұқсат беруге шамасы келмеуі мүмкін екенін айтты. 

"Науқас төсекте киімсіз жатқанда рұқсатсыз түсіретін жағдайлар көп кездеседі. Көптеген азамат өз сырқаты туралы жариялағысы келмейді. Азаматтардың жеке басын қорғауға қатысты көптеген этикалық жағдай бар. Сондықтан видеоға түсіруге тыйым салынған", - деп қосты ол.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға коронавирусқа қарсы шетелдік вакцинаны әкелу туралы айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети