09 қыркүйек 2022 | 13:28

Министр ауылдардағы денсаулық сақтау саласына қанша ақша бөлінетінін айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдардағы денсаулық сақтау саласын дамытуға қанша қаражат жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдардағы денсаулық сақтау саласын дамытуға қанша қаражат жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз алдын ала есептеу жүргіздік. Пилоттық ұлттық жобаны іске асыру құны, алдын ала есептеулер бойынша, 200 миллиард теңгеден асады. Оның 126 миллиард теңгесі ауылдың денсаулық сақтау саласының құрылысына жұмсалады", - деді Ғиният.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова басқа да шығындарды, соның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

"Ауылдық денсаулық сақтау шығындары алғашқы медициналық-санитарлық көмек шығындарына кіреді. Бүгінгі күні 460 миллиард теңге жоспарланып отыр, оның 40 пайызы ауылға жіберіледі. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ауылдық ауруханалар шығындарға қарастырылған. Ал тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шамамен 300 миллиард теңге", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети