ПОДЕЛИТЬСЯ
10 тамыз 2022 | 15:14
Министр Бағдат Мусин "Роскосмостың" жаңа басшысымен кездесті
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов "Байқоңыр" ғарыш айлағында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов "Байқоңыр" ғарыш айлағында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, кездесу 9 тамызда "Байқоңыр" ғарыш айлағында өткен.
"ЦДИАӨМ басшысы Роскосмостың жаңа басшысын осы қызметке тағайындалуымен және бортында 17 ғарыш құрылғысы бар "Союз-2.1б" зымыранының сәтті ұшырылуымен құттықтады. Кездесу барысында тараптар "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылап, алғашқы ұшырылым сынағының мерзімін 2024 жылға жылжыту қажет екенін атап өтті", - делінген хабарламада.
Тараптар Союз-5 зымыран-тасығышы мен жерүсті кешенін жасау жұмыстарының кестесін өзара сәйкестендіргені айтылды. Ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында нормативтік-құқықтық базаларды дамыту мәселесі қарастырылған.
Сондай-ақ, Бағдат Мусин Роскосмос басшысымен Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту туралы сөйлесіп, туристерді кешенге өткізу тәртібін онлайн жүйе арқылы жеңілдетуді ұсынды. Кездесуге ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай да қатысқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также