10 тамыз 2022 15:14

Министр Бағдат Мусин "Роскосмостың" жаңа басшысымен кездесті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов "Байқоңыр" ғарыш айлағында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов "Байқоңыр" ғарыш айлағында кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, кездесу 9 тамызда "Байқоңыр" ғарыш айлағында өткен.

"ЦДИАӨМ басшысы Роскосмостың жаңа басшысын осы қызметке тағайындалуымен және бортында 17 ғарыш құрылғысы бар "Союз-2.1б" зымыранының сәтті ұшырылуымен құттықтады. Кездесу барысында тараптар "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылап, алғашқы ұшырылым сынағының мерзімін 2024 жылға жылжыту қажет екенін атап өтті", - делінген хабарламада.

Сурет: ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен

Тараптар Союз-5 зымыран-тасығышы мен жерүсті кешенін жасау жұмыстарының кестесін өзара сәйкестендіргені айтылды. Ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында нормативтік-құқықтық базаларды дамыту мәселесі қарастырылған.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин Роскосмос басшысымен Байқоңыр ғарыш айлағында туризмді дамыту туралы сөйлесіп, туристерді кешенге өткізу тәртібін онлайн жүйе арқылы жеңілдетуді ұсынды. Кездесуге ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнайы өкілі Қайрат Нұртай да қатысқан.

Сурет: ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети