Министр Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынды Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Зерде" холдингін таратуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министр "Зерде" тобын реформалау 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта басталғанын айтты.

"Жүйелік интегратордың функциялары "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" РМК-ға берілді. Инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру мақсатында "АТП" АКҚ, Astana Hub және "QazInnovations инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ-ын бір ұйымға біріктіру ұсынылды. Бұдан әрі шара ретінде "Зерде" холдингін таратып, "ҰАТ" АҚ-ын тікелей Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне беру ұсынылады", - деді Мусин.

Министр холдингтің жобаларды жүзеге асыруы бойынша тиісті материалдар құзырлы органдарда қаралып, зерттелетінін айтты.

"Есеп комитеті осы үш активке ғана холдингтік құрылым қажет екенін көрсетті. Ұсынылған шара нәтижесінде қажетсіз басқару байланыстарын жою, ақшаны үнемдеу және нақты жауапкершілікті белгілеу түрінде оң нәтижеге қолжеткізіледі", - деп қорытындылады Мусин. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети