Министр балабақшаларды қаржыландыруға қатысты қауесеттерге жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр балабақшаларды қаржыландыруға қатысты қауесеттерге жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларды ваучер қаржыландыру туралы ақпартты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларды ваучер қаржыландыру туралы ақпартты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыз конференциясында Аймағамбетов Қазақстанда ваучер қаржыландыру туралы көптеген ақпарат таралып, қайталанып жатқанын атап өтті.

"Онда жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік тапсырыстарды екінші деңгейлі банктер арқылы орналастыратынымыз және бұл ақшаны әрбір ата-ана өз шотына алатыны туралы айтылған. Бізде бірнеше пилоттық жоба болды, ваучер қаржыландыру болады деп шештік. Бірақ бұл әр ата-анаға ақша аудару арқылы жүргізілмейді", - деді министр.

Аймағамбетов мұндай сценарийді жоққа шығармай, бұл Қазақстанда "әлеуметтік әмиян" енгізіліп, қаржы тетіктері цифрландырылғаннан кейін ғана мүмкін болатынын түсіндірді.

"Бұл алдағы уақытта қарастырылатын мәселе. Бірақ қазіргі уақытта ваучерлік қаржыландыру – бұл білім бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген орындардың нақты санын белгілемей, білім беру ұйымдарының тізімін анықтайды, содан кейін ата-ана өзі балабақшаны таңдайды.

Мысалы, "А" балабақшасы жалпы тізімде. Бірақ ол жерге 50 адам барады немесе 100 адам барады, оны ата-аналардың өздері анықтайды", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети