25 тамыз 2021 | 09:42

Министр Балаева "Хабар 24" журналисін әкімдіктен шығарып жібергендерге қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналисінің оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналисінің оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін айтты.

"Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті де ушықтырып отыр. Бұл әрине өте өкінішті және біздің бүгінгі "еститін мемлекет", "ашық әкімдік" қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы", - деп жазды Балаева.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, министр Алматы әкімдігі басшылығына қызметтік тексеріс жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қатысты осындай жағдайдың қайталануын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдауы қажет деп санайды.

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Кейін әкімдік түсінік берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная