Министр банкроттық туралы өтініштерді қабылдау қашан басталатынын айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда банкроттық туралы өтініш беру рәсімі 2023 жылдың 3 наурызынан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда банкроттық туралы өтініш беру рәсімі 2023 жылдың 3 наурызынан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 30 желтоқсанда "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы" заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Банкроттық туралы өтініштерді қабылдау 3 наурыздан басталады", - деді Жамаубаев.

Бұл құжат кредитін төлей алмай, қиындыққа тап болған жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:
▪️соттан тыс банкроттық
▪️сот арқылы банкроттық
▪️қабілеттілігін қалпына келтіру

Мұндай рәсімдерге қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Азаматтардың міндетті түрде қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтуі көзделіп отыр. Осы шаралардың барлығы банкроттық рәсімінен кейін азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

"Заң күшіне енгеннен кейін азаматтардың да жауапкершілігі артады. Алдағы уақытта жылдам қарыз алу үшін кредит тарихының дұрыс болуына азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Банкрот деп мойындау қарыздарды төлемей кету емес, тек шарасыз жағдайдағы көмек екенін әркім білуі керек", - деп қорытындылады министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro