Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр баспана қымбаттауына не себеп болғанын айтты Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының өсуі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып, Атамқұлов құрылыс көлемінің өсуі және мемлекеттің инфрақұрылымға салынған қаржы - бұл қалыпты тренд және дағдарыс кезеңінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету жүйесі екенін айтты.

Сонымен қатар, министр бағаның өсуіне бірнеше басқа факторлар да әсер ететінін айтты.

"Нарық пен сұраныс факторы, нарықта артық ақша пайда болу факторы. Зейнетақы ақшасын пайдалану арқылы халықты қолдау өте дұрыс шешім болды. Бірақ бұл субъектив фактор, яғни ақша аласыз және жұмсай аласыз. Егер бұрын нарықта бір адам болса, енді бес адам пайда болды. Егер пәтеріңіз болса және оны жалға бергіңіз немесе сатқыңыз келсе, клиент пайда болғанын көресіз, ертеңінде екі, үш адам хабарласады. Әрине, ол жағдайда бағаны көтеру туралы ойлайсыз, кез келген қоғамда бұл қалыпты жағдай және ол нарықтағы басқа сатушыларға да әсер етеді", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, дәл осындай жағдай көлік нарығында да қайталанып отыр.

Талдаудан кейін Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, ірі компаниялар бағаны 15-20 пайызға арзандата бастаған. Бұл ретте ол министрлік нарыққа ықпал етіп, қысым көрсете алмайтынын қадап айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети