Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қызылорда облысына қайтарылған жерлерде рациацияның жоғары емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қызылорда облысына қайтарылған жерлерде рациацияның жоғары емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанға қайтарылайын деп жатқан жерлер Сырдария мен теміржол бойында орналасқан.
"Бұл жерлерде ешқашан да техникалық жұмыстар жүргізілмеген. Бүгінде Байқоңыр маңындағы алаңдар мен жерлерде радиация жоғары деген қате пікірлер бар. Бұл олай емес. Қазіргі уақытта бізде Қазақстанның және Ресей Федерациясының қажетті экологиялық қызметі жұмыс істер жатыр", - деді Бейбіт Атамқұлов.
"Жердің бұл учаскесі қалыпты. Арнайы ұшыратын аумақтар бар, техникалық аумақтар бар және сол сияқты. Қауіпсіздік ережелер де бар", - деді министр.
Cондай-ақ, Атамқұловтың айтуынша, осы жер учаскелері елді мекендердің маңындағы аумақтарды кеңейтеді.
"Бүгінде осы ауылдарды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр, инфрақұрылымды дамытып, жолдар салу керек. Осы үшін жер бөлініп отыр", - деп түсіндірді министр.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ресейдің "Байқоңырдың" бір бөлігін Қазақстанға қайтаратыны жайлы хабарланған болатын. "Челябинскіде өткен Ресей мен Қазақстан өңіраралық ынтымақтастығының ХIV форумында "Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясының ғарыш қызметі жөніндегі Бас директордың бірінші орынбасары Александр Иванов пен ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын жалға беру Келісіміне өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды", - делінген еді хабарламада.