Министр бензин қымбаттауы туралы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр бензин қымбаттауы туралы пікір білдірді Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бензин қымбаттағаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда бензин қымбаттағаны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынында да, кеше бензин қымбаттады деген ақпарат келді. Кейінгі үш жылдағы статистиканы қарадым, 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін АИ-92 бағасы 163 теңгеден 178 теңгеге, үш жыл ішінде 15 теңгеге қымбаттағанын көріп отырмыз. Бұл, әрине, аз қарқынмен өсу, бірақ алаңдатарлық жайт", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Энергетика министрлігінің басшысы қазір елімізде бензин қымбаттауына негіз жоқ екенін айтты.

"Бензин қажет мөлшерде өндіріліп, жөнелтіледі. Бүгінгі таңда бензинге қатысты жағдай тұрақталды. Кеше ақпарат түскеннен кейін ірі ЖМҚС-мен жұмыс істей бастадық. Ең алдымен, неліктен бұлай болғанын түсіну керек, бірақ қазір ешқандай негіз жоқ деп санаймыз. Бұл жұмысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіндегі әріптестерімізбен бірге жүргіземіз.

Бензин мен ЖЖМ бағасы тұтастай реттелмейтінін атап өткім келеді. Сондықтан біздің министрлік бағаны реттеуге жауап бермейді, бірақ жауапкершілікті ескеріп, бұл мәселемен айналысамыз", - деп түйіндеді Мырзағалиев.

Бұған дейін қарашаға қарай Қазақстанда дизельден кейін бензин де қымбаттағаны, АИ-92 орташа бағасы 178 теңгеге дейін өскені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети