Министр Бишімбаев Алматыда қисайып қалған үйге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Бишімбаев Алматыда қисайып қалған үйге қатысты пікір білдірді © Айнаш Өндіріс

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Алматыда қисайып қалған үйге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Алматыда қисайып қалған үйге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл мәселені қарадық. Жобалаушылар сараптамадан өтті, жобаның шешімдері дұрыс болып шықты. Өкінішке қарай, мердігер орындауға тиіс жұмысты істемеді. Яғни, ол жобаның талаптары мен міндеттерін орындамаған", -деді Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған барлық көпқабатты үй тексеріліп жатыр. "Тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мәселемен жергілікті атқарушы органдар, яғни мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауындағылар айналысып жатыр" - деді ол.

Еске салайық, Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары түнде эвакуацияланған болатын. ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Тұрғындардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған. ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. Түні бойы оқиға орнында қалалық жедел қызмет өкілдері кезекшілік етті.

"Астана құрылыс" компаниясының бас директоры Бекболат Амантурлин Алматының Алғабас ықшамауданында орналасқан тұрғын үйдің қисаюына қатысты пікір білдірген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети