03 қыркүйек 2022 | 15:10

Министр білім саласына берілетін гранттар мен несиелердің жаңа жүйесі туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саясат Нұрбек министрлік сараланған грантты енгізудің тәсілдерін әзірлеп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, президенттің бұл тапсырмасы демографиялық үрдістер мен білім беру құнының өсуі жағдайында өте өзекті болады.

"Статистика 2030 жылға қарай мектеп бітірушілер саны екі есеге (140-тан 300 мың адамға дейін) өсетінін көрсетеді. Сондықтан эскроу-шот арқылы ваучерлік жүйеге көшу ұсынылады, сараланған гранттар (оқу құнының 30 - дан 100 пайызына дейін)", - деді министр.

Ол бұл шаралардың барлығы жоғары білім беру сапасын арттыруға және студенттер үшін қолайлы оқу жағдайларын жасауға бағытталғанын атап өтті.

"Студенттерге жылдық 2-3 пайызбен білім несиесін алуға мүмкіндік беріледі. Білім алуға қаражат жинақтау құралы ретінде білім министрлігімен бірлесіп, балалар мен студенттердің жасына байланысты БҒЖ - ны пайдалануды пысықтап жатырмыз", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, бұл схема студенттік несие алу кезіндегі кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети