06 қазан 2022 | 12:35

Министр бірнеше партиядан бір кандидатты ұсыну туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Әділет министрі Қанат Мусин бірнеше қоғамдық бірлестіктің президенттікке бір кандидатты ұсынуына заң тыйым салмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әділет министрі Қанат Мусин бірнеше қоғамдық бірлестіктің президенттікке бір кандидатты ұсынуына заң тыйым салмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amanat партиясы съезінде журналистер министрден коалициядан президенттікке кандидатты тіркеу қалай өтетіні туралы сұрады.

"Тіркеу "Сайлау туралы" Заңға сәйкес өтеді. Бір қоғамдық бірлестік кандидатты ұсынады, ол тіркеледі. "Коалиция" - заңнамада мұндай термин жоқ. Рәсім бойынша қоғамдық бірлестік ұсынған кандидат тіркеу кезінде өзінің келісімін жазбаша түрде білдіруге және осы қоғамдық бірлестіктен үміткер екенін көрсетуі тиіс.

Заңда қоғамдық бірлестіктер санына ешқандай шектеу жоқ. Бірнеше қоғамдық бірлестік бір кандидатты ұсына алады. Кандидат оны кандидат ретінде тіркеген кезде белгілі бір қоғамдық бірлестіктен сайлауға түсуге өзінің келісімін береді", - деді Қанат Мусин.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері министрден президенттікке үміткердің қандай таңдауы болатынын сұрады.

"Мен бұл жағдайда президенттікке кандидаттың қандай таңдауы болатыны туралы түсініктеме бере алмаймын. Кандидат ұсыну рәсімі аяқталғанға дейін кез келген партияға келісімін бере алады", - деді Мусин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети