Министр Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр Елжан Біртанов

ҚР денсаулық сақтау министр Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР денсаулық сақтау министр Елжан Біртановтың жағдайы орташа деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.

"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр. Елжан Амантайұлының тезірек қатарымызға қосылғанын күтеміз", - деп хабарлады Диас Ахметшәріп.

Әзірше министрдің қызметін уақытша Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева қатар атқарып жатыр.

Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда министрдің коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети