Министр дәріханалардағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр дәріханалардағы вирусқа қарсы дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты пікір білдірді Фото:depositphotos.com

Астанадағы дәріханаларға кеше 60 мыңнан аса вирусқа қарсы препарат жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы дәріханаларға кеше 60 мыңнан аса вирусқа қарсы препарат жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер министрден ЖРВИ мен тұмау өршіп тұрған кезде Астанада қызу түсіретін дәрілер жоқ деген ақпараттың рас-өтірігін сұрады.

Ақмарал Әлназарова жақында Астанада "жекелеген жағдайларда вирусқа қарсы препараттардың тапшылығы болғанын" растады.

"Біз алғашқы күндерден бастап ірі дистрибьюторлармен жұмыс жүргіздік. Кеше (19 қараша – еск.) Астанаға ғана 60 мыңнан аса қаптама жеткізілді. Бұл дәрілер барлық дәріхана желілеріне таратылды, сондықтан қазір айтарлықтай өткір тапшылық байқалмайды. Бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз", – деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети