14 тамыз 2018 13:34

Министр депутаттың теңгенің девальвациялануына қатысты айтқан мәлімдемесіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамының ауытқуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамының ауытқуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан тыс уақытта министрге теңге бағамына қатысты сұрақтар қойылды.

Айта кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанда девальвация болып жатқанын мәлімдеген еді. Депутаттың айутынша, теңгенің құбылмалы бағамы Қазақстан экономикасын девальвациядан сақтап қала алмады. Депутат биыл наурыз айында теңгенің долларға қатысты бағамы 320 теңге болғанын және бес айда бұл көрсеткіштің 14 пайызға әлсірегенін айтқан болатын. Сондай-ақ, депутат еліміздегі мұндай жағдайдың халық пен кәсіпкерлерді бағытынан адастыратынын мәлімдеген еді.

"Девальвация біздің түсінігімізше теңге бағамының бір сәтте бірден ауытқып кетуі. (...) Бүгін үкімет отырысы барысында Ұлттық банк өкілі теңгенің жыл басынан бері 4,3 пайызға құнсызданғанын айтып өтті. (...) Дәл қазір біз бюджеттің бағдарламалардың орындалмай қалу қаупін көріп тұрған жоқпыз. Бюджетті күзде нақтылаймыз. Ал әзірше біз экономикамыз қай бағытта жүріп жатқанын және мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын, облыстарда осы жағдай қандай деңгейде екенін бағалап жатырмыз. Бірақ бюджетті нақтылау үшін теңге бағамының бір рет өзгеруі жеткіліксіз", - деді ұлттық экономика министрі.

Шетелдік валютаға дүрлікпе сұраныс жоқ - Ұлттық банк

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети