Министр Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы пікіріне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы пікіріне жауап берді © Tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы айтқан пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы айтқан пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Қырғызстан президенті екі елдегі зейнетақы мөлшерін салыстырған болатын. "Біз әрдайым қандай да бір мәселе болса да бір-бірімізге көмектесіп келгенбіз", - деді министр Тамара Дүйсенова үкімет сағатының үзілісінде. 

"Әлеуметтік төлемдер мен оның деңгейін салыстырсақ, бұл әрбір елдің жеке өз мәселесі. Бізде аз немесе көп деу - менің тарапымнан және өзге тараптан айту дұрыс емес. Зейнетақы мөлшерін айтсақ, бізде Қырғызстан азаматтарының алатын зейнетақысына қарағанда 2,6 есе көп. 1 қаңтардан тағы да өсіретінімізді білесіздер. 1 шілдеде базалық зейнетақы қайта қаралды, осыны ескерсек, келесі жылы бұл айырмашылық 3,5 есеге жетеді", - деді Тамара Дүйсенова.

Мұның алдында ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети