ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы жүкті әйелдің өлімінің себебін растау кезінде жаңылысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы жүкті әйелдің өлімінің себебін растау кезінде жаңылысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметі өкілдеріне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 33 жастағы қарағандылық әйел плевриттің асқынуынан болған екі жақты пневмонияның ауыр ағымы салдарынан қайтыс болған.
"Пневмонияны анықтау мақсатында жасалған зертханалық зерттеу барысында маусымдық тұмаудың А (Н3N2) штамы анықталды. (...) 20 қаңтар күні ол дене қызуы көтеріліп, өзін өзі нашар сезінгеннен соң жедел медициналық көмек бригадасын шақырады. Дәрігерлер ауруханаға апарғысы келгенімен, ол ауруханаға жатудан бас тартады. Оған дәрілік тағайындау жасалып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер беріледі. жағдайына байланысты №1 ауруханаға жатқызылады. Оған медициналық көмек 21 қаңтарда ол Қарағандыдағы №4 емханаға жүгінеді. Сырқаттанған адамға жәрдем көрсету мақсатында Астана қаласының республикалық орталықтарындағы ең үздік мамандар шақырылады. Қарқынды түрде жүргізілген емге қарамастан, 25 қаңтарда ол қайтыс болады", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бүгін Тамара Дүйсенова ҚР Парламент Сенатының отырысының үзілісінде қарағандылық әйелдің өлімінің себебін растау кезінде оның дңыз тұмауынан қайтыс болғанын растаған болатын.
Министрліктегілердің айтуынша, Қазақстанда қазіргі эпидемиологиялық маусымда өзге жылдардағыдай тұмаудың бірнеше А (Н3N2), (Н1N1) штамдары, түрі анықталмаған (штамды анықтау жұмыстары жүргізілуде), сонымен қатар В вирусты тұмау да бар.
"Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына "Тұмау" диагнозымен 300, ЖРВИ-мен 16 мың 108 адам жатқызылды. 3 ақпандағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 249, ЖРВИ-дан 12 мың 137 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда "Тұмау" диагнозымен 51 адам емделу үстінде. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды", - делінген таралған хабарламада.
Еске сала кетейік, 19 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин республикада А (Н1N1) тұмауынан болған пневмониядан 1 өлім жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын.