03 ақпан 2022 | 13:53

Министр елдің оңтүстігінде электр жарығы өшуіне қатысты: Біреуді кінәлауға әлі ерте

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Болат Ақшолақов 25 қаңтарда Қазақстанның оңтүстік облыстарында жаппай электр жарығы өшуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Энергетика министрі Болат Ақшолақов 25 қаңтарда Қазақстанның оңтүстік облыстарында жаппай электр жарығы өшуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде жағдайды комиссия тексеріп жатыр.

"Бұл төтенше жағдай. Бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды. Біреуді кінәлау әлі ерте. Барлығын жан-жақты тексеру үшін комиссия құрылды. Барлығы комиссияның жұмысының нәтижесінде белгілі болады. Мен бір ғана нәрсе айта аламын, электр жарығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 11.50-де өшті. Бақытымызға орай осы сәтте барлық автоматика жұмыс істеп, солтүстік- оңтүстік транзит және оңтүстіктегі бірқатар стансалардың оқшауланған жұмыс режиміне көшті. Негізінде, автоматиканың жұмыс істегені жақсы болды", - деп түсіндірді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан төрт сағаттың ішінде бүкіл электр жүйесін толығымен қалпына келтіріп үлгерді. Дегенмен, тергеу нәтижесі кейінірек белгілі болады.

"Біз Қырғызстанмен де төрт сағат бойы параллель жұмыс жасадық. Біз Орта Азия шеңберінің бір бөлігіміз. Өкінішке орай, апатты жағдайды Өзбекстаннан келген әріптестер ұзақ уақыт бойы қалпына келтіре алмады. Сондай-ақ Өзбекстандағы апаттың себебі туралы ештеңе айта алмаймыз. Біздің жүйе жұмыс істеп, өзінің өміршеңдігін, атап айтқанда, автоматтандыруды көрсетті деп тек өзіміз туралы айта аламыз. Қазір оны сұрыптап жатырмыз, нәтижесі белгілі болған кезде қосымша ақпарат береміз", - деп қосты Болат Ақшолақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети