Министр елге келіп жатқан ресейліктер туралы: Уақытша құбылыс

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мобилизацияға байланысты келіп жатқан ресейліктерге қатысты жағдай бұл уақытша құбылыс, олардың көбі ары қарай Қазақстаннан өзге елдерге кетеді. Сондықтан бұл уақытша құбылыс. Әрине, белгілі бір деңгейде инфрақұрылымға "қысым" бар, оның бәрін тез арада шешеміз", - деді министр үкімет отырысынан кейін. 

Қуантыров Қазақстанға келіп жатқан ресейліктер елде тек 90 күн ғана бола алатынын еске салды. 

"Келіп жатқан ресейліктерге халқымыз көмектесіп жатыр, шекарамыз ашық, халықаралық міндетімізді орындап отырмыз, ашық болу - біздің ұстанымымыз. Бірақ бекітілген заң бойынша ғана жұмыс істеп отырмыз. Елге келіп жатқан азаматтар Қазақстанда 90 күн ғана бола алады. Әрине, әртүрлі әлеуметтік қауіп бар, бірақ оның алдын алу үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети