Министр Ербол Қарашөкеев ет бағасы туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Ербол Қарашөкеев ет бағасы туралы айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден елде ет бағасы неге қымбаттап жатқанын сұрады.

"Кеше баға төмендеп жатқанын айтты. Көтерме баға өспейді. Біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қатысты баға өсімі байқалмайды, біз оны ұстап отырмыз", - деді Қарашөкеев.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы қазіргі уақытта тағы бір мәселе барын қадап айтты: малшылар етті сатып алу бағасы төмендеп кеткеніне шағымданып жатыр.

"Қазақстандықтар базарларға да, дүкендерге де барады. Толық қамтамасыз еттік. Енді тағы бір мәселе бар, кеше тыңдаулар болды, депутаттар сол жерде сұрақ қойды. Малшылар ет сатып алу бағасы тым төмен деп шағымданып жатыр. Ол үшін нарықтарды ашып, қолдау көрсету керек. Мәселе белгілі.

Жалпы, етпен толық қамтамасыз етілген. Бағалар қай кезде де өсе береді, бірақ үлкен серпіліс жоқ", - деп қосты Ербол Қарашөкеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети