Министр Ильин қанша жалақы алатынын айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Ильин қанша жалақы алатынын айтты Фото Тұрар Қазанғапов © / TENGRINEWS.KZ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Желіде өрт сөндірушілердің жалақысы 140 мың теңге екені айтылды. Осындай жалақыны дұрыс деп санайсыз ба, өзіңіз қанша алатыныңызды айта аласыз ба", - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.

"Тағы да айта кетейін, жалақым миллион теңгеге жақын. Бұл жалақыны кез келген министрге беретіні секілді Үкімет белгілейді. Қызметкерлерге келетін болсақ, иә, шынымен де, жалақы төмен. Бірақ кейінгі жылдары жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, 2023 жылы ТЖМ ғана емес, құқық қорғау жүйесі, Қорғаныс министрлігі, ІІМ қызметкерлерінің жалақысы ҰҚК қызметкерлері жалақысының 80 пайызына теңестіріледі", - деп түсіндірді ТЖ министрі.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, азаматтық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін нығайту үшін қызметкерлер жалақысын кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Келесі жылы қызметкерлердің жалақысы 29 пайызға өседі деп жоспарланып отыр.

"Нақты қарасақ, өрт сөндіруші екі тәулік немесе үш тәулік кезекшілікте болады. Министр 24 сағат қызмет атқарады. Министрдің жауапкершілігі өрт сөндірушіден кем емес", - деді Юрий Ильин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети