20 сәуір 2022 | 14:12

Министр Жамбыл облысында із-түзсіз жоғалған әскери қызметкер туралы пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан кейін жоғалып кеткен әскери қызметкерді іздеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан кейін жоғалып кеткен әскери қызметкерді іздеуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен оның туыстарымен кездестім. Біз қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты іздеуді тоқтатқанымыз туралы айттым. Жақында кәдеге жарату жұмыстарын бастадық, сәйкесінше қызметкерді іздеу жұмыстары басталды. Егер ол жарылыс болған жерде болса, одан еш нәрсе қалмады ғой", - деді министр.

Оның айтуынша, жұмыс көлемі өте ауқымды. Мамандар жерді тексеру және елеу жұмыстарын жүргізуі керек.

"Бұл үлкен шығын. Атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біз қызметкердің отбасынан қайтыс болды немесе хабарсыз кетті деп тану туралы ұсыныс жасадық. Егер солай деп танысақ, мемлекет тарапынан төлемдер болатын еді. Бірақ отбасы келіспеді. Әрине, отбасын түсінеміз, сондықтан іздеуді жалғастырып жатырмыз. Іздеуді тек біз ғана емес, ішкі істер органдары да жүргізіп жатыр", - деді Жақсылықов.

Журналистер министрден әскери қызметкердің қашып кету ықтималдығы қандай деп сұрады.

"Қайда қашып кетеді? Конспирация теориясын қарастырмай-ақ қояйық (қарап көрейік. - Ескертпе) және жұмыс нұсқаларын әзірлейік", - деп сұрады министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети