Министр жаңа облыстардағы көліктерге қандай код берілуі мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр жаңа облыстардағы көліктерге қандай код берілуі мүмкін екенін айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның жаңа облыстарындағы автомобиль нөмірлеріне қандай кодтар берілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның жаңа облыстарындағы автомобиль нөмірлеріне қандай кодтар берілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мәселе ІІМ-ге қатысты. Бірақ қисынға салса, 18, 19, 20 нөмірлері алфавиттік ретпен болады деп ойлаймын. Бұл сұрақтың нақты жауабын білмеймін. Бұл мәселе бізбен тіпті талқыланбаған, бұл біздің құзыретімізде емес", - деп жауап берді Қуантыров.

Жаңа облыстарға кодтар әліпби тәртібімен берілсе, Абай облысында - 18-өңір, Жетісу облысында - 19, Ұлытау облысында - 20-өңір болады.

Еске салайық, 8 маусымда Қазақстан Президентінің 4 мамырдағы жаңа өңірлер құру туралы Жарлығы күшіне енді.

Ұлытау облысы - ең үлкен өңірлердің бірі, екі ауданнан тұрады - Жаңарқа, Ұлытау, облыстағы үш қала - Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев. Жезқазған - мыс өнеркәсібінің орталығы, ол аймақтың әкімшілік орталығына айналған. Жаңа облыстың халқы шамамен 226 мың адам болуы тиіс.

Абай облысы Шығыс Қазақстан облысынан бөлінген. Кеңес заманында оның аумағында Семей облысы орналасқан. Өңір орталығы Семей қаласы болды. Облысқа сегіз аудан кірді: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Үржар, сондай-ақ, екі қала - Семей және Курчатов. Облыс халқы шамамен 640 мың адам болуы тиіс.

Алматы облысы құрамынан бөлінген облыс - Жетісу облысы. Онда 650 мыңға жуық адам тұрады. Облыстың әкімшілік орталығы Алматы облысының бұрынғы орталығы - Талдықорғанда орналасқан. Облысқа сегіз аудан және екі қала кірді - Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары.

Ұлытау облысының әкімі болып Берік Әбдіғалиұлы тағайындалды.

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болды.

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды.

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети