Экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жануарларды қорғау туралы заң жобасы жайлы айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жануарларды қорғау туралы заң жобасы жайлы айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Заң жобасы әзірленді. Ол қазір басқа да меморгандардың қарауында, талқылауда. Оны күзде Парламент Мәжілісіне жіберуді жоспарлап отырмыз. Біз бұл заң жобасы көптеген адамның назарын аудартатынын, себебі бұл өзекті мәселе екенін аңғардық", - деді министр ОКҚ брифингінде.
Министр жануарларға аяусыз қарым-қатынас жасағандар үшін жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке дейін күшеюі мүмкін екенін айтты.
"Біз соңғы бірнеше айда жануарларға деген аяусыз қатынастың куәсі болдық. Деректер жеткілікті болды. Қылмыстық жауапкершілікке дейін жауапкершілікті қатаңдату керек деп ойлаймыз", - деді Мырзағалиев. .
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!