Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиесі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиесі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақордада журналистер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінен жеңілдетілген автонесие қашан басталатынын сұрады. Министр Марат Қарабаев бөлінген қаражат қоғамдық көлікті жеңілдетілген несиелендіруге бағытталатынын атап өтті.
"Қазір айналым қаражаты жиналды. Жеңілдікті автонесиеден түскен қаражатты мемлекеттік көліктерді несиелендіруге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Біз бірқатар облыстарда болдық, әкімдік өкілдері автопаркті несиелендіру мәселесін көтеріп жатыр", - деді Марат Қарабаев
Министрдің айтуынша, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы, Талдықорған мен Оралда 70 пайызы ескірген.
"Қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Осыған байланысты біз қаражатты жеңілдетілген автонесиелерге - қоғамдық көлікті несиелендіруге бағыттау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Оны күнделікті 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз үшін олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға басымдық беріледі. Қаржы қоғамдық көлікті қаржыландыруға бағытталады", - деді министр.
"Мен жақсы түсініп отырмын, енді қазақстандықтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша көлік ала алмай ма?" - деп сұрады журналист.
"Енді қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға бөлінетін болады", - деп түйіндеді Қарабаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!