ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін төмендету туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін төмендету туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Менің ойымша біз белгілеген айыппұл мөлшерлері тура қойылған. Біз кейбір айыппұлдардың мөлшерін көбейттік, себебі әлемдік тәжірибиеге сай ол ереже бұзушылықтар жол апатына алып келіп жатады. Мен сіздерге айтайын соңғы тәжірибиеде айыппұлдардың көбеюіне байланысты жол ережесін бұзу азайғанын көруге болады. Біз айыппұл мөлшерін көбейткен жерлерде ереже бұзушылық аз: қарсы бетпен жүру, жылдамдықты асыру. Сондықтан да айыппұл мөлшерін төмендетуге еш негіз көріп тұрғаным жоқ", - деді министр.
Сонымен қатар басқа да айыппұлдардың мөлшерін төмендетуді қарастыратынын айтты.
"Ал басқаларын біз қарастырып көрейік. Мысалы рұқсат етілмеген жерде тұраққа қою, сызықты кесу, яғни бұларды қарастырып көруге болады. Бірақ жол апатының орын алуына себеп болатын ереже бұзушылықтар өзгертуге негіз жоқ деп ойлаймын", - деді ол.