ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2022 | 15:08
Министр қант сұранысына қатысты дүрбелең себебін айтты
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қантқа қатысты дүрбелең себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қантқа қатысты дүрбелең себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде зауыттар қанттың келісін 450 теңгеден сатып жатыр. Бұл ретте көтерме саудадан, сондай-ақ бөлшек саудадан түсетін 15 пайыздық рұқсат етілген үстемені ескеретін болсақ, қант шикізатының басым құнын ескере отырып, ең төменгі баға шамамен 595-600 теңге боулы тиіс. Бұл нарықтық өнім, сондықтан баға ішкі нарықтағы қант бағасының өсуіне байланысты", - деп қосты министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, өңірлерде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қантты өзіндік құнынан төмен бағаға сатып жатыр.
"Мысалы, Павлодар облысында тұрақтандыру қоры қанттың сатып алу бағасы 448 теңге болғанда, келісін 416 теңгеден, ал Қызылорда облысында сатып алу бағасы 450 теңге болғанда, келісін 370 теңгеге алуға болатындай жағдай жасап жатыр. Алматы облысында келісі 276 теңгеден, Ақтөбе облысында 363 теңгеден, Маңғыстау облысында 400 теңгеден сатылады. Әкімдіктердің бұл әрекеттері дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленіске әкеледі. Сонымен қатар, ішкі нарықта коммерциялық бағамен қант жеткілікті екенін айтқым келеді", - деді Қарашөкеев.
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда қант бағасы нақты қанша болуы керек екенін айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также