26 шілде 2022 14:07

Қазақстанда қант бағасы қанша болуы керек? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант бағасы қанша болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде нарықта қантты өңірлерге жеткізуде субъектив қиындықтар бар, деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

"Қазіргі жағдай қант бағасының да өсуіне әкелді. Айта кету керек, биржадағы шикі қамыс бағасы өсті. Тасымалдау шығындары да, өңдеу шығындары да өсті. Мысалы, 2020-2021 жылдары қазіргіден екі есе аз болды – қазір шикі қант 476 доллар тұрады. Логистикалық шығындар да 2,6 есе өсті, былтыр Бразилиядан қантты 110 долларға жеткізуге болатын еді, бүгінде бір тонна шикі қанттың бағасы 300 долларға дейін көтерілді", - деді ол. 

Бұл деректер отандық қант зауыттарында қамыс қантының қымбаттауына әкелген.

"Бүгінде зауыттар қанттың келісін 450 теңгеден сатып жатыр. Бұл ретте көтерме саудадан, сондай-ақ бөлшек саудадан түсетін 15 пайыздық рұқсат етілген үстемені ескеретін болсақ, қант шикізатының басым құнын ескере отырып, ең төменгі баға шамамен 595-600 теңге боулы тиіс. Бұл нарықтық өнім, сондықтан баға ішкі нарықтағы қант бағасының өсуіне байланысты", - деп қосты министр.

Қарашөкеев дүкендердегі дүрбелең мен ұзын сонар кезек туралы сұраққа да жауап берді.

"Дүрбелең мен ұзын сонар кезекке келер болсақ, қантты өз құнынан төмен сатуды тоқтатсақ, бәрі ертең-ақ тоқтайды. Нарықта қант жеткілікті, бірақ оның бағасы нарықтық құн негізінде қалыптасады. Болжамдарға сәйкес, Ресей қыркүйектен бастап экспортын ашады, олардың биылғы өнімі айтарлықтай жақсы деңгейде деп болжанып отыр, сондықтан шілде-тамызда бағалар әлі де жоғары болады деп ойлаймын, содан кейін біртіндеп төмендейді деп болжап отырмыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети