21 қазан 2016 12:33

Министр Қасымов жемқорлықты жою үшін барлық полицейді жұмыстан қууға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Даниал Оқасов Көрнекі сурет. © Даниал Оқасов

ҚР ІІМ басшысы жемқорлықты жою үшін барлық полицейді жұмыстан қууға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ҚР ІІМ басшысы жемқорлықты жою үшін барлық полицейді жұмыстан қууға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жол қозғалысы саласындағы мәселелер жөніндегі парламент тыңдауында Сенат депутаты Сергей Ершов жол полицейлерінің жемқорлық деңгейі мәселесін көтерді. Сенатор ішкі істер министрінен ведомствоның пара мәселесімен қалай күресіп жатқанын және жемқорлықпен күрестің Грузия тәжірибесін зерттеп көрген-көрмегенін сұрады.  

ҚР ІІМ басшысы жол полициясында жемқорлықтың бар екенін мойындады. Алайда, Қалмұханбет Қасымовтың пікірінше, әуелі полицейлердің баспанасы мен төмен жалақысы мәселесін шешу керек. 

"Біз өзіндік қауіпсіздік қызметімен тексерістер жүргіземіз, шын мәнінде жемқорлық бойынша деректер көп анықталады. Мұнымен қатар, антикоррупциялық қызмет пен қаржы полициясы да тексереді. Бар. Біз мұны мойындаймыз (...). Әрине, тағы бір мәселе - әлеуметтік блок. Жалақы төмен (...). Негізінде баспанасы жоқ жастар. Сондықтан қала әкімдеріне жастарға жатақханалар салып беруін сұрап, хабарласып жатырмыз, ең болмағанда баспанасы болсын дейміз", - деді ҚР ІІМ басшысы. 

Қалмұханбет Қасымов қатаң шараларға барып, Грузияның тәжірибесі бойынша барлық полицейді жұмыстан қууға дайын екенін мәлімдеді. 

"Бірақ бұларға қарамастан, біз осы қызметтегі барлық жемқорлықтың түрінің алдын алу үшін қатаң шаралар қолданамыз. Грузияға бардық. Біздің қызметкерлер бірнеше рет барды. Ол жақта барлық полцейді жұмыстан шығарып, жалақыны екі есе өсіріп, қайтадан қызметке алды. Мінекейіңіз. Біз бұған дайынбыз. Иә, бәрін де жұмыстан шығаруға. Барлығы полицияны Германиядағыдай, Америкадағыдай ету керек дейді. Олардың да тәжірибесін зерттедік. Меніңше, егер біз техникамен және жақсы жалақымен қамтамасыз етсек, яғни немістер мен америкалықтардың жағдайын жасап берсек, солардың нәтижесіне қол жеткізуге болады деп есептеймін", - деді Қасымов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети