07 тамыз 2018 | 14:03

Министр Қайрат Әбдірахманов Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов шекараны заңсыз кесіп өткен этникалық қазақ келіншек Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов шекараны заңсыз кесіп өткен этникалық қазақ келіншек Сайрагүл Сауытбайдың ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астананың БАҚ өкілдері СІМ басшылығынан Қытай халқы сот үкімімен келіспеген жағдайда қазақ дипломаттары қандай шешім қабылдайтынын сұраған болатын. 

"Мемлекетаралық келісім бар. Ол келісімде өзара құқықтық көмек жайлы айтылған. Келісім шеңберінде барлық сұрақ өз шешімін табады. Ең бастысы біз бұндай мәселеге келген кезде өз тарапымыздан ашық екенімізді көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, әрбір Қазақстан азаматының құқығын қорғауға міндеттіміз. Басқа елдердің азаматына келер болсам, олардың тағдыры белгіленген арна шеңберінде шешілетін болады. Оған қоса, құқық қорғау органдары арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету де кіреді", - деп жауап берді Қайрат Әбдрахманов БАҚ өкілдеріне. 

1 тамызда Жаркентте Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бостандығынан айырылды. Оған пробациялық бақылау орнатылды. Айыпталушы сот залында босатылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети