Министр Қазақстанда қияр мен қызанақтың қымбаттауын түсіндірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Қазақстанда қияр мен қызанақтың қымбаттауын түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда көкөніс бағасына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда көкөніс бағасына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көкөністің жағдайы тұрақты. Дүкенге барып бағаларын көріңіздер, картоп 130-140 теңге тұрады. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Биыл көкөністі 4,2 ​​миллион тоннадан 4,9 миллион тоннаға дейін өсірдік. Біз картопқа, сәбізге, қырыққабатқа деген сұранысымызды толығымен өтедік", - деді Қарашүкеев.

Сондай-ақ, ол қияр мен қызанақтың қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

"Қияр мен қызанақтың бағасына келетін болсақ, бұл жыл сайын болатын үрдіс, бірінші жыл емес. Қазан-қарашада екеуінің де маусымы аяқталатындықтан, жылыжайларда өсіріле бастайды. Ол жаздағыға қарағанда қымбатырақ болады", - деп қосты министр.

Сондықтан, Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, ведомствоның басты жоспары елдегі жылыжай көлемін ұлғайту.

"Бұл жердегі ең басты мақсат - өндіріс көлемін ұлғайту. Ол үшін барлық қажетті шаралар қарастырылып жатыр", - деп түсіндірді министр.

Ербол Қарашүкеевке Қазақстанда қыс мезгіліне көкөніс жеткілікті ме деген сұрақ қойылды.

"Әрине, бізде шамамен 4 миллион тонна картоп бар, оның 2 миллион тоннасын ұйымдасқан шаруа қожалықтары, жартысын жеке шаруа қожалықтары қамтамасыз етті. Ауылдардың жартысы өзін-өзі қамтамасыз етіп жатыр", - деп түйіндеді Қарашүкеев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети