Кеше | 16:40

Министр Қазақстандағы IT мамандарының орташа жалақысын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы IT мамандарының орташа жалақысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы IT мамандарының орташа жалақысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың пленарлық отырысында Мәдиевтің айтуынша, 2023 жылы Қазақстанның IT-саласы қарқынды өсуді жалғастырып, жұмысқа орналасу үшін ең тартымды салалардың біріне айналған. IT-компаниялардың саны 17 922-ге жеткен, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп.

Министрдің пікірінше, бұл секторға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және оның белсенді дамуын көрсетеді.

"2023 жылы IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 588 мың теңге болды, бұл былтырғымен салыстырғанда 35 пайызға артық. Бұл білікті кадрларға деген жоғары сұранысты және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын көрсетеді", - деді Жаслан Мәдиев.

IT саласындағы жұмыспен қамту 12 пайызға өсіп, 187 мың адамға жеткен. Министр жұмыспен қамтылғандар санының өсуі саланың кеңеюіне және жаңа жұмыс орындарының құрылуына баса назар аударатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети